Эстетикалық гимнастикадан Азия чемпионаты басталды

Астанада эстетикалық топтық гимнастикадан Әлем кубогының III кезеңі мен Азия чемпионаты басталды. 

Сары құрлық біріншілігі елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Байрақты бәсекеге әлемнің 10 елінен 345 спортшы келді. Олар 6 медаль жиынтығын сарапқа салады. Айта кетейік, спорттың бұл түрі елде 8 жылдан бері дамып келе жатыр. Осы уақытқа дейін 211 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 409 Қазақстан Республикасының спорт шебері даярланды.