World Esports Championship 2027 турнирі Қазақстанда өтеді

Фото: Киберспорт федерациясы

Қазақстан 2027 жылы өтетін World Esports Championship әлем чемпионатын қабылдайтын ел болып бекітілді. Халықаралық киберспорт додасы Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы Қазақстанның Киберспорт федерациясы мәлімдеді.

Федерацияның хабарлауынша, әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы шешім еліміздің халықаралық киберспорт аренасындағы орнын айқындай түседі.

«Бұл – Қазақстанның халықаралық киберспорт қауымдастығы алдындағы маңызды жетістігі әрі әлемнің үздік құрамаларын қабылдауға жасалған үлкен қадам», – делінген федерацияның хабарламасында.

Айта кетейік, World Esports Championship – әлемнің түкпір-түкпірінен ұлттық құрамалар қатысатын ең ірі халықаралық киберспорт турнирлерінің бірі. Турнирдің 2027 жылғы бәсекесі Астана қаласында өтеді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз