«Болашақ ойындарының» екінші күні басталады
Бүгін «Болашақ ойындарының» екінші жарыс күні басталады. Сәлден кейін командалар Фиджитал баскетболдан кезекті ойындарын өткізіп, плей-офф жолдамаларына таласады.
Алдымен ел атынан GTB.KZ ұжымы алаңға шығып, мексикалық командамен өзара мықтыны анықтайды. Кейін қазақстандық екінші құрама «Астана» клубы сербиялық ұжымға қарсы ойнайды. Әзірге екі командамыздың да қоржыны бос. Себебі кешегі жарыс күнінде GTB.KZ хорватиялық клубка 17:34 есебімен есе жіберсе, Астана франциялық Paris Phygital ұжымымен тартысты ойын өткізіп, 22:25 есебімен ұтылып қалды.