Бибісара Асаубаева Cairns Cup 2026 турнирінде алғашқы жеңіске жетті
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өтіп жатқан беделді Cairns Cup 2026 турнирінде көш бастаушылардың қатарына қосылып, төртінші турдан кейін 2,5 ұпаймен төртінші орынға жайғасты, деп хабарлайды «24KZ» Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыстың төртінші турында блицтен еүр дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева ақ фигуралармен ойнап, Швейцария атынан сынға түскен экс-әлем чемпионы Александра Костенюкпен кездесті. Партия 23-ші жүрісте қарсыластың тізе бүгуімен аяқталды. Бұл – қазақстандық шахматшының аталмыш турнирдегі алғашқы жеңісі. Жарыстың алғашқы үш турында отандасымыз украиндық Анна Музычукпен, үндістандық Рамешбабу Вайшалимен және америкалық Элис Лимен тең түскен болатын.
Төрт турдан кейін Бибісара 2,5 ұпай жинады. Ал турнир кестесінде 3,5 ұпай жинаған Қытайдың экс-әлем чемпионы Тань Чжунъи көш бастап тұр.
Бесінші турда қазақстандық шахматшы қара фигуралармен үндістандық гроссмейстер Дивья Дешмухқа қарсы ойнайды. Cairns Cup 2026 айналмалы жүйе бойынша 10 шахматшының қатысуымен өтуде. Жарыс 19 тамызға дейін жалғасады.
Турнирдің жалпы жүлде қоры 250 мың долларды (шамамен 116,4 миллион теңге) құрайды.