Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді
Астанада 24 қазан мен 1 қараша аралығында күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтеді.
Барыс аренада болатын халықаралық шараға жаһанның 100 елінен астам мыңға жуық спортшы қатысады деп күтіліп отыр. Олар грек-рим, еркін және әйелдер күресінен медальдарды сарапқа салады. Қазір Туризм және спорт министрлігі Күрес федерациясымен, сондай-ақ елорда әкімдігімен бірлесіп, спорттық инфрақұрылымның қажетті талаптарға сәйкестігін пысықтап жатыр.
Еркін Оқасов, Қазақстан күрес федерациясының төрағасы:
- Қазақстан үшін әлем чемпионатын өткізу үлкен жауапкершілік әрі еліміздегі күрестің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын тағы да бір көрсетуге берілген мүмкіндік. Бүгінде дайындық жұмыстары Туризм және спорт министрлігімен, қала әкімдігімен «Юнайт Уорлд врестлинг» ұйымымен және бірнеше салалық мекемемен бірлесіп барлық негізгі бағытта жұмыс жүргізілуде.