Қазақстандықтардың 47,7 %-ы спортпен шұғылданады

Қазақстан халқының 47,7 %-ы спортпен шұғылданады. 17-28 жас аралығында өз бетінше дене шынықтырумен айналысатындардың ең жоғары үлесі Маңғыстауда байқалады.

Өңір тұрғындарының 48,1 %-ы спортты серік етеді. Содан кейін Қызылорда мен Ақтөбе және Ұлытау облыстары тұр. 36-48 жас аралығындағы тұрғындар арасында ең жоғары көрсеткіш Павлодарда тіркелді. Бұл аймақта халықтың 42,6 %-ы дене шынықтырумен шұғылданады. Жамбыл облысы мен Шымкент қаласында да көрсеткіш жоғары. Спорт секцияларына ерлердің 8,7 %-ы, ал әйелдердің 6,6 %-ы қатысады.

Маңғыстау 48,1 %, Қызылорда 31 %, Ақтөбе 28,9 %, Ұлытау облысында 28,9 %; 

36-48 жас аралығында ең жоғары көрсеткіш;

Павлодар 42,6 %, Жамбыл 40,8 %; 

Шымкент қаласы 39,2 %.