«Сапар сәтті өтті»: Бибісара Асаубаева желіде турнирдегі әсерімен бөлісті
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Сен-Тропеде өткен WR Women’s Chess Tour турниріндегі сәтті өнер көрсетуі туралы айтып, әсерімен бөлісті, деп хабарлайды «24KZ». Спортшы бұл бәсекеде рапидтен топ жарып, блиц сайысында күміс жүлдегер атанды.
Жарыстан кейінгі әсерін Бибісара өз Telegram-каналында жеткізді.
Баршаңызға сәлем, блиц те мәресіне жетті. Ойын сәті түспей жатқандықтан, финалға тек мінез танытудың арқасында жеттім десем болады. Өйткені Мария Музычукпен өткен екі матчта да есепті қайта түзеп, тек «армагеддонда» қара фигуралармен жеңіске жеттім. Ал Анна Музычукпен болған үшінші матчта ең аз айырмашылықпен есе жібердім. «Енді демалатын шығармын» деп едім, бірақ... шынымды айтсам, қатты шаршадым. Міне, осындай.
Сондай-ақ осы жылдың қараша айында өтетін Гранд-финалға жолдама алдым. Жалпы алғанда, сапарымыз сәтті өтті, – деді шахматшы қыз.
Еске сала кетейік, турнирдің бірінші күнінде Бибисара Асаубаева рапид бағдарламасы бойынша еуропалық кезеңнің жеңімпазы атанған болатын.