Әсел Қанай Азия ойындарында каратэден күміс жүлде алды

Olympic.kz

Қазақстандық каратэші Әсел Қанай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ақтық сайысында сынға түсті.

Отандық спортшы 61 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Әсел финалда қытайлық Ли Гунмен өзара мықтыны анықтады. Жекпе-жек 8:2 есебімен қытайлық каратэшінің пайдасына аяқталды.

Осылайша Әсел Қанай каратэден ұлттық құрама қоржынына алғашқы күміс медальді салды. Айта кетейік, бұған дейін каратэден Жоламан Биғабыл (55 келіге дейін) және Софья Берульцева (68 келіден жоғары) алтын медаль жеңіп алған еді.

Olympic.kz

Сондай-ақ оқыңыз: