Геннадий Головкин Азиада-2026 ойындарында екі алтын еншілеген велоспортшыларды құттықтады
Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Аичи-Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарының алғашқы күнінде тасжолдағы велоспорттан топ жарған ұлттық құрама спортшыларын құттықтады, деп хабарлайды «24KZ».
ҰОК басшысы әйелдер арасындағы жекелей жарыста мерейі үстем болған Рината Сұлтановаға және ерлер арасындағы сында топ жарған тәжірибелі спортшы Алексей Луценкоға сәттілік пен жаңа жеңістер тіледі.
Айта кетейік, бұл – Алексей Луценконың Азия ойындарындағы еншілеген бесінші алтын медалі.
Ел намысын қорғап жүрген ұлттық құрама алдағы уақытта тағы екі маңызды сында бақ сынайды. Спортшылар әйелдер мен ерлер арасындағы топтық сайыстарда жүлде үшін таласады.