Нұрқанат Әжіқанов Азия ойындарында қола жүлде иеленді
Нұрқанат Әжіқанов Айти–Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды «24KZ».
Каратэ WKF бағдарламасы бойынша кумитэ бәсекесінде 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ұлттық құрама мүшесі Нұрқанат Әжіқанов жүлделі орын үшін тартысты белдесу өткізді. Үшінші орын үшін өткен маңызды кездесуде отандасымыз филиппиндік спортшы А. Батиканды 10:1 есебімен ойсырата ұтып, қола медальді жеңіп алды.
Бұл – Қазақстан құрамасының биылғы Азия ойындарындағы каратэден екінші қола жүлдесі. Жалпы есеппен алғанда, қазақстандық каратэшілердің еншісінде қазір бес медаль бар: екі алтын, бір күміс және екі қола. Спортшыларымыз жарыстың соңына дейін ел қоржынын әлі де жаңа жүлделермен толықтыра түседі деп күтілуде.