Жеңіл атлет Аделина Земс Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды

olympic.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Аделина Земс Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды «24KZ».

Қазақстандық жеңіл атлет әйелдер арасында 400 метрге кедергілер арқылы жүгірудің финалында өнер көрсетіп, мәреге екінші болып жетті.

Алтын жүлдені Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі иеленді. Осылайша, Аделина Земс Қазақстан құрамасының қоржынына жеңіл атлетикадан кезекті жүлдені салды.

Айта кетейік, бұған дейін де қазақстандық жеңіл атлеттер қазіргі Азия ойындарында жүлделі нәтижелерге қол жеткізген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз: