Рита Бакишева Жапониядағы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды

olympic.kz

Қазақстандық спортшы Рита Бакишева Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында виртуалды таеквондодан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды «24KZ».

Жарысты 1/8 финалдан бастаған отандасымыз бәсекені сәтті бастап, иорданиялық Мохаммад Аль-Адарбиді тізе бүктірді. Одан кейін ширек финалда Үндістан өкілі Кашиш Маликтен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Ақтық сындарға шығу үшін өткен тартысты кездесуде Рита филлипиндік спортшы Джус Габриэль Дерик Япемен кездесіп, 0:2 есебімен есе жіберді. Осылайша, тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша жерлесіміз Азия ойындарының қола медалін еншіледі.

Айта кетейік, виртуалды таеквондо Азия ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет енгізіліп отыр. Бұл жаңа дисциплинада қатысушылар VR-технологияларды қолданып сынға түседі. Спортшылардың барлық қозғалысы арнайы датчиктер арқылы тіркеліп, виртуалды кеңістікке беріледі, бұл ретте қарсыластар арасында тікелей физикалық байланыс болмайды.