Азиада-2026: қазақстандықтар 13-ші күні алтынға таласады

Жазғы Азия ойындарының 13-ші жарыс күні басталды. Отандастарымыз бокс, таеквондо, дзюдо және еркін күрес пен джиу-джитсу секілді спорт түрлерінен алтынға таласады. Әзірге ел қоржынында 64 медаль бар. Оның 9-ы алтын, 19-ы күміс, 36-сы қола. 

Путинцева мен Данилина жартылай финалда

Анна Данилина мен Юлия Путинцева Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды. Екеуі жұптық сында қытайлық теннисшілерге қарсы ойнау керек болған. Алайда қарсыластары кездесуден бас тартқан. Енді жерлестеріміз ақтық кезең жолдамасын тайпейлік спортшыларымен сарапқа салады.

Бүгін 2 боксшымыз финалда жұдырықтасады

Бүгін бокстан финалдық жекпе-жектер басталады. Ел атынан екі боксшымыз ақтық кезеңде өнер көрсетіп, алтынға таласады. Алдымен таңғы сессияда сағат 10:00 шамасында Төрехан Сабырхан 70 келідегі чемпиондық атақты иорданиялық Зейад Ишаишпен сарапқа салады. Бұл Төрехан үшін қарсыласынан есе қайтаратын тамаша мүмкіндік. Себебі отандасымыз одан Моңғолиядағы азия чемпионатының финалында ұтылған болатын. Сондай-ақ түстен кейінгі сеанста яғни сағат 14:30 да аса ауыр салмақтағы Айбек Оралбай  шаршы алаңға көтеріледі. Ол өзбекстандық Жахонгир Зокировпен жұдырықтасады.

Қазақстан мен Молдова ойнайды

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында Молдовамен кездеседі. Кеше жігіттер ойын алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп, дайындықты аяқтады. Бұл матчта румыниялық төрешілер қазылық етеді. Қос құрама тарихта 7 рет жолыққан. Оның 3-уін Қазақстан, қалған үшеуінде молдовалықтар жеңіске жетіп, 1 мәрте тең аяқталған. Қазір футболшыларымыз 2 ойында 1 ұпай жинап, топта 3-орында тұр. Сырт алаңда өткен қос ойында Фарер аралдарымен тең түссе, Словакияға есе жіберген болатын. Ендігі ойын Астана арена стадионында кешкі 7 де басталады.  

Сондай-ақ оқыңыз: