Қазақстан су добынан Азия ойындарында күміс жүлдеге қол жеткізді
Азия ойындарында су добынан Қазақстанның ерлер командасы күміс медаль иеленді. Отандастарымыз финалда Жапония құрамасымен кездесті.
Тартысқа толы матчта жарыс қожайындары жеңіске жетті. Есеп – 7-24. Қазір ұлттық құрамамыздың қоржынында 12 алтын, 24 күміс, 46 қола медаль бар.