Қалаулы кәсіп. Элеватор операторы

Мұратбек Әлімбеков бидайдың сапасын жоғалтпай, дұрыс сақтаудың жолын жақсы біледі. Бала күнінде жүргізуші болуды армандаған ол техникаға бейім болды. Жергілікті колледжге оқуға түскен Мұратбек дуалды оқыту жүйесі арқылы элеватордың қыр-сырын меңгерді. Жақсы тәжірибесінің арқасында ол бүгінде элеватор операторы болып жұмыс істейді. Автоматтандырылған жүйеде тетікті баспас бұрын өте мұқият ойлану керек. Себебі қателік үлкен кешеннің жұмысын тоқтатады дейді кейіпкеріміз. Толығырақ осы шығарылымда.