Қалаулы кәсіп. Кітапханашы

Бүгінгі бағдарлама кейіпкері бала күнінде кітаптарды жаны сүйіп оқыды. Оған бірден-бір себеп болған атам дейді ол. Оқуға деген құштарлығы оның есейгенде мамандық таңдауына да әсер етті. Техникумды аяқтаған жас маман өз еңбек жолын  алғаш ашылған облыстық жасөспірімдер кітапханасында библиограф болып бастады.