Қалаулы кәсіп. Әуе диспетчері

Бүгінгі бағдарлама кейіпкері сағат сайын жүздеген адамның тағдырына жауап береді. Оның басты міндеті ұшақтың ұшып-қонуына қолайлы жағдай жасау. «Менің отбасымда авиация саласында қызмет еткен жан жоқ. Кеңес тұсында мен әскери борышымды Әуе Қарулы Күштерінде өтедім. Мерзім аяқталған соң әуе диспетчері болсам деген арман болды. Бүгінде оған қол жеткіздім. Бұл мамандық аса үлкен сабырлықты талап етеді», –  дейді ол.