Қалаулы кәсіп. Жануар жаттықтырушысы

Көп жылғы еңбектің арқасында жылқылардың тілін тапқан жаттықтырушы Әйгерім Тілегенова бүгінгі «Қалаулы кәсіптің» ерекше кейіпкері. Жылқы жануарымен Әйгерімді цирк өнері, цирк өнеріне деген қызығушылығы таныстырған. Бүгінде кейіпкер әсем жануардың көзіне қарап-ақ нені қалап тұрғанын байқайды екен.