Оберхофтағы биатлоннан әлем кубогының нәтижесі қандай?

Оберхофтағы биатлоннан әлем кубогының нәтижесі қандай?
Prosports

Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан әлем кубогының бесінші кезеңі өтіп жатыр.

Бүгін әйелдер арасында 10 шақырымға із кесу әдісімен жарысудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болды деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

Бұл сында норвегиялық Тириль Экхофф топ жарды. Екінші орынды оның отандасы Марта Рейселлан иеленсе, үздік үштікті австриялық Лиза Тереза Хаузер иеленген. Ал Қазақстан атынан жарыс жолына шыққан Елизавета Бельченко 47-орыннан көрінді. Ол жеңімпаздан 5 минут 17.8 секундқа қалып қойған.