Маңғыстау облысында дзюдодан ашық турнир басталды

Қоғам қайраткері, еркін күрестен КСРО спорт шебері Тұмаш Әбиболлаұлы атындағы жарысқа өңірдің ең үздік спортшылары жиналды.

Олар бірнеше салмақ бойынша өзара мықтыны анықтайды.

Әсіресе 13, 14 және 15 жастағы жасөспірімдерден күтеріміз көп дейді ұйымдастырушылар. Өйткені Маңғыстау облысының спортшылары қазір дзюдодан жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Тіпті соңғы ел чемпионаты да  осы өңірде өткен еді. Бейнеу ауданындағы турнирде санитарлық талаптар қатаң сақталған. Ал жарыстың жалпы қорытындысы аптаның соңында белгілі болады.