Жан Кособуцкий WBA International титулы үшін жекпе-жек өткізеді

Жан Кособуцкий WBA International титулы үшін жекпе-жек өткізеді

Ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (14-0, 13КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп жазды Prosports.kz.

Отандасымыз 20 ақпанда Германияның Гамбург қаласында шаршы алаңға шығады. Қарсыласы – 38 жастағы чехиялық боксшы Павел Соур (13-3, 8КО).

Бұл кездесуде ауыр салмақтағы WBA International титулы сарапқа салынады.

Айта кетейік, Кособуцкий соңғы жекпе-жегін былтыр күзде Минскіде өткізіп, поляк Камил Соколовскийді нокаутқа жіберген болатын. Қазірге дейін Жан кәсіпқой бокста 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Оның 13-інде нокаутпен жеңді.