Еуропаның ең үздік биатлоншылары Польшаға жиналды

Еуропаның ең үздік биатлоншылары Польшаға жиналды

Олардың арасында қазақстандық құрама да бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат Шаранов баптайтын қыздар жарыстың алғашқы күні 15 шақырымдық жекелей сынға қатысты. Нәтижесінде ең тәуір көрсеткішке Елизавета Бельченко қол жеткізді. Ол жалпы есепте 21-ші сатыға жайғасты. Галина Вишневская мен Ксения Долгополова, сәйкесінше, 58-ші және 112-ші орындарға тұрақтады. Ал, жеңімпаз польшалық Моника Хойниш-Старега атанды. Үздік үштікті Украина мен Ресей спортшылары түйіндеді. Душники-Здруй қаласындағы бәсеке қаңтардың соңына дейін жалғасады. Одан кейін биатлоншыларды әлем чемпионаты күтіп тұр. Дүниежүзілік дода Словенияда өтеді.