Алматыда фристайлдан әлем чемпионаты аяқталды

Алматыда фристайлдан әлем чемпионаты аяқталды

Алматыда фристайлдан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылған дүниежүзілік жарысты халықаралық шаңғы федерациясының мамандары жақсы бағалады. Қысқа уақытта әлемдік доданы жоғары деңгейде өткізген қазақ еліне шетелдік спортшылар да ризашылықтарын жеткізді. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыларға 3 медаль бұйырды. Могулда сынға түскен Юлия Галышева күміс, ал Анастасия Городко мен Павел Колмаков қола жүлдегер атанды. Акробаттар жүлделі орыннан шет қалды. Бүгін командалық сайыста Ресей топ жарса, Швейцария екінші, АҚШ құрамасы үшінші орынды иеленді. Жерлестеріміз жетінші сатыға табан тіреді.

Жанбота Алдабергенова, Қазақстан құрамасының мүшесі:

- Үшеуміз де үлкен трамплиннен тройной жасадық. Ол өте қиын. Әсіресе, қыз бала ол үлкен тармплинге өте бермейді. Жанын бергендер ғана береді. Сондықтан менің айтқым келгені, біз бәрін жасадық. Өзімізге де ұнады. Бірақ та біз алғаш рет осы трамплиннен секіріп жатырмыз. Осы әлем чемпионатына дайындалған болатынбыз. Менің ойымша, бәрі алда. Қолды түсірмейміз. Әлі әлем кубогы болайын деп жатыр осы сенбі күні. Келіңіздер қолдауға!