Аргентиналықтар Марадона өлімін адал тергеуді талап етті

Аргентина астанасында жүздеген адам Диего Марадонаның өлімін әділ тергеуді талап етіп, көшеге шықты. Әйгілі футбол ойыншысын қастерлеушілер оны өлтірді деп отыр. 

«Ол өлген жоқ, оны өлітірді» деген ұранмен өткен шеруге қарапайым адамдармен бірге Марадонаның қыздары, шешесі және әйелі қатысты.

Олар қолдарында үнпарақша ұстап, оның өліміне кінәлілерді жазалауға шақырды. Бірақ шара соңы карнавалға айналды. Шерушілер қала көшелерінің бірін жауып, Марадона туралы ән айтып, оны еске алды.

Айта кетейік, Диего Марадона былтыр қараша айында жүрек талмасынан өкпесі қабынып қайтыс болған. Қазір тергеушілер ол медициналық селқостықтан көз жұмды ма деген сұраққа жауап іздеп жатыр. Іске қатысты марқұмның жеке дәрігерімен бірге 7 адам тергеліп жатыр.

Сондай-ақ...