Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі қарсыласы анықталды

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі қарсыласы анықталды

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (13-5) UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарладыProsports.kz.

Жұмағұлов 10 шілдеде UFC 264 турнирінде кездесуге шығады. Қарсыласы америкалық Джером Ривера (10-5) болады.

Бұл Жұмағұловтың UFC-дегі үшінші, Ривераның төртінші жекпе-жегі болмақ. Екі файтер де UFC-дегі барлық жекпе-жегінде жеңілген.