Кукушкин Мадридтегі жарыстан шығып қалды

Кукушкин Мадридтегі жарыстан шығып қалды
Sports.kz

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Испанияның Мадрид қаласында өтіп жатқан ATP 1000 сериялы турниріне іріктеу кезінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеудің жартылай финалында ол екі сетте испан Пабло Андуджардан ұтылды. Қорытынды есеп 3:6, 4:6.

Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды.

Естеріңізге сала кетейік, Мадридтегі турнирдің негізгі жеребесінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ойнайды. Оның қарсыласы венгриялық Мартон Фучович болмақ.