Футболдан Қазақстан кубогының жеребесі тартылды

Футболдан Қазақстан кубогының жеребесі тартылды
Vesti.kz

2021 жылғы Қазақстан кубогы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, турнир жаңа форматта өтеді. Топтық кезеңге 16 команда қатысады, премьер-лигадағы 14 клубқа бірінші лигадағы ОРБЖМСМ №8 және «Мақтаарал» қосылады.

16 қатысушы жеребе бойынша төрт топқа бөлінді. Әр команда алты матч өткізеді. Келесі кезеңге сегіз команда өтеді – өз тобында бірінші және екінші болғандар.

«А» тобы: «Шахтер», «Ордабасы», «Қызыл-Жар», ОРБЖМСМ №8;

«B» тобы: «Тобыл», «Тараз», «Атырау», «Мақтаарал»;

«C» тобы: «Астана», «Қайсар», «Ақтөбе», «Ақжайық»;

«D» тобы: «Қайрат», «Жетісу», «Каспий», «Тұран».

Сонымен қатар, Қазақстан кубогының 1/4 финалының жеребесі тартылды. Бұл кезеңде командалар жеңімпазы екі ойын қорытындысы бойынша анықтайды.

B тобындағы екінші орын – А тобындағы екінші орын;

D тобындағы екінші орын – С тобындағы екінші орын;

С тобының жеңімпазы – D тобының жеңімпазы;

А тобының жеңімпазы – B тобының жеңімпазы.