Зидан «Реал» клубының бас бапкерлігінен кетті

Зидан «Реал» клубының бас бапкерлігінен кетті

48 жастағы Зинедин Зидан «Реал Мадрид» командасының бас бапкерлігінен кетті.

Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланды. 

Еске сала кетсек, Зидан бапкерлік мансабында 2018 жылы «Реалдан» кетіп, 2019 жылы команда тізгінін екінші рет ұстады. Ал бұған дейін ол 2016 жылдан 2018 жылға дейін команданы жаттықтырған. Оның басшылығымен «Реал» үш рет Чемпиондар лигасын жеңіп, екі рет Испания чемпионы атанды.