УЕФА 2020 жылғы Еуропа чемпионатының үздік ойыншысын анықтады

УЕФА 2020 жылғы Еуропа чемпионатының үздік ойыншысын анықтады

Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы анықталды, деп хабарлады Prosports.kz УЕФА сайтына сілтеме жасап.

Турнирдің үздік ойыншысы Италия құрамасының қақпашысы Джанлуиджи Доннарумма болды. 

Биылғы Еурода ол алаңда 719 минут ойнаған – бұл ең көп көрсеткіш. Жеті матчтың үшеуінде гол жібермеген. Бұл ойындарда 4 гол жіберіп, 9 сэйв жасаған. 

Бұған дейінгі ЕУРО-лардың үздік ойыншылары:
1996: Маттиас Заммер (Германия);
2000: Зинедин Зидан (Франция);
2004: Теодорос Загоракис (Греция);
2008: Хави Эрнандес (Испания);
2012: Андрес Иниеста (Испания);
2016: Антуан Гризманн (Франция).