Алаңдағы әр минуты үшін 350 мың теңге. «Тобыл ФК» ойыншысы қанша жалақы алатыны айтылды

Алаңдағы әр минуты үшін 350 мың теңге. «Тобыл ФК» ойыншысы қанша жалақы алатыны айтылды

«Тобылдың» сериялық жартылай қорғаушысы Зоран Тошичтің қанша жалақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Хабар 24 Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Meta-ratings.kz порталының ақпараты бойынша, 34 жастағы футболшы айына 100 мың еуро (шамамен 50 миллион теңге) алады екен. 

«Тошичтің «Тобыл» сапына қосылғанына үш ай болды. Демек ол алаңдағы әрбір минутына 350 мың теңге алады деген сөз. Қостанайлық команданың сапында ол жеті мәрте алаңға шығып, оның ешқайсында бір сағат ойнамады. Жалпы ол «Тобыл» сапында 148 минут қана ойнаған. Оның 60 пайызында Қазақстан кубогі турнирінде өнер көрсеткен», – деп жазады дереккөз. 

Айта кетейік, Тошич «Тобыл» сапына 16 сәуірде ауысып келді. Сербиялық жартылай қорғаушымен жылдың соңына дейін келісімшарт жасалған. 

Тошич қостанайлық ұжым қатарында Қазақстан чемпионатында бес ойынға, ал Қазақстан кубогінде екі ойынға қатысып, үш гол соқты.