Токио Олимпиадасындағы зейнеткер қатысушылар кімдер

Токио Олимпиадасындағы зейнеткер қатысушылар кімдер
Азия-Плюс

50-ден асқан кейбір жандарға Олимпиадаға қатысу үшін жас мөлшері кедергі емес. Себебі кезінде 72 жаста да медаль алғандар бар, деп хабарлайды  «Хабар 24» sntch.com сілтеме жасап.

Осы жазда Токио Олимпиадасына барған қарт спортшылар туралы білесіз бе?

1. Мэри Ханна, 66 жас

66 жастағы Австралия спортшысы ат спортынан ел намысын қорғады. Ханна бес жазғы Олимпиадаға қатысып үлгерген және биыл тарихтағы ең қарт Олимпиада спортшысы болды.

2. Ни Сялянь, 58 жас

Спортшы үстел теннисінен Люксембург командасынан шықты. 38 жыл бұрын Токиода Ни әлем чемпионатындағы алғашқы алтынын жеңіп алған болатын. Теннисші үшін бұл қатарынан бесінші олимпиада.

3. Нино Салуквадзе, 52 жас

Спортшы Грузиядан оқ ату жарысына қатысты. Биыл Нино жаңа рекорд орнатты — ол қатарынан 9 ойынға қатысты. Токио Олимпиадасы спортшы үшін соңғы болады-ол спорттан кететінін мәлімдеді.

4. Оксана Чусовитина, 46 жас

Әйел гимнастикадан Өзбекстанды атынан қатысты. Спортшы өзінің алғашқы олимпиадалық алтынын 1992 жылы Барселонада өткен ойындарда жеңіп алды. Бұл 7 олимпиадасы бар алғашқы гимнаст. Алайда Токиодағы ойындардан кейін Оксана спорттық мансабын аяқтайды.

5. Абди Абдирахман, 44 жас

Спортшы жеңіл атлетикадан жарысқа АҚШ-тан келген. Абди Сомалиде туған, бірақ 12 жасында Америка Құрама Штаттарына көшіп кеткен. Ол USATF 10 000 метр қашықтықта үш рет чемпионат жеңімпазы болған.