Токио 2020: Данияр Юлдашев екінші кездесуінде қарсыласына жол берді

Токио 2020: Данияр Юлдашев екінші кездесуінде қарсыласына жол берді
фото: prosports.kz

Каратеден ерлер арасында Токио Олимпиадасының топтық кезеңдері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан қазақстандық Данияр Юлдашев екінші кездесуінде қарсыласына жол берді. Рютаро Арага (Жапония) арасындағы кездесу 4-2 есебімен қарсылас еншісіне шешілді.

Айта кетерлігі, Данияр Юлдашев Йонатан Хорне (Германия), Рютаро Арага (Жапония), Угур Ақташ (Түркия) және Гогита Арканиямен (Грузия) бірге В тобында сынға түсуде.