Триатлоннан елордадағы Азия чемпионаты өткізілмейтін болды

Триатлоннан елордадағы Азия чемпионаты өткізілмейтін болды
ҚР ҰОК

Триатлоннан 3-5 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтанда өтеді деп жоспарланған U19, U23 және Mixed Relay санатындағы Азия чемпионаты өткізілмейді.

Бұл – Қазақстанда коронавирусты инфекцияның кеңінен таралуына байланысты қабылданған шешім, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші орында тұрғандықтан, сондай-ақ еліміздегі бас санитардың қаулысына сәйкес, ұйымдастыру комитеті Нұр-Сұлтандағы Азия біріншілігін өткізбеу туралы шешім қабылдады.

Келесі жылы елдегі эпидахуал тұрақталып, жоспарланған жарыстар мерзімінде өтеді деп сенеміз», – делінген федерацияның хабарламасында.