ПСЖ-ға ауысқан Мессиді әуежайдан жүздеген жанкүйер күтіп алды

ПСЖ-ға ауысқан Мессиді әуежайдан жүздеген жанкүйер күтіп алды

Лионель Месси Парижге келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Даңқты футболшыны әуежайдан жүздеген жанкүйер күтіп алды.

«Алтын доптың» алты дүркін иегері Франция астанасына отбасымен келген. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, 34 жастағы Месси осы сапарында Париждегі «Пари Сен-Жермен» футбол клубымен 2 жылға келісімшартқа отырады. Аталған оқиғаға байланысты арнайы баспасөз мәслихаты ертең болуы тиіс. Пресс-конференцияға дейін «Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы медициналық тексерістен өтеді деп күтіледі. «ПСЖ» командасы ресми парақшаларында жаңа трансфер жайлы бейнеролик жариялады. 

Сондай-ақ:

Месси «Барселонадан» кетті

«Барселона» президенті Мессидің қай клубқа ауысатынын айтты

Лионель Месси қай командаға ауысатын болды?

«Тұран» Мессиді Түркістанға шақырды

ПСЖ Мессиге ресми ұсыныс жасады

Месси «ПСЖ» сапында қай нөмірде ойнайтыны белгілі болды