Мессидің ПСЖ-да қанша айлық алатыны белгілі болды

«Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы Лионель Месси ПСЖ-мен келісімге келді, деп хабарлайды «Хабар 24» sport-express.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы итальяндық журналист Twitter-де жазды. Тілшінің мәліметінше, ол бүгін Парижге ұшып барады, деп хабарлайды .

Ақпарат көзіне сенсек, 34 жастағы аргентиналықтың келісімшарты екі маусымға есептелген. Сондай-ақ тағы бір жылға – 2024 жылдың маусым айына дейін создыра алады. Ал форвардтың жылдық айлығы 35 млн еуроны құрайды.

Месси 2004 жылдан бері «Барселонаның» негізгі құрамында ойнап келді. Бірақ жаңа маусымда екі тарап келісімге келе алмағандықтан, клуб басшылығы футболшымен қош айтысты.

Сондай-ақ:

Месси «Барселонадан» кетті

«Барселона» президенті Мессидің қай клубқа ауысатынын айтты

Лионель Месси қай командаға ауысатын болды?

«Тұран» Мессиді Түркістанға шақырды

ПСЖ Мессиге ресми ұсыныс жасады

Месси «ПСЖ» сапында қай нөмірде ойнайтыны белгілі болды