Арал қаласының 73 жастағы тұрғыны Қызылорда бағытында веложорыққа аттанды

Арал ауданының 73 жастағы тұрғыны Серік Өтебалиев 500 шақырымдық велажорыққа аттанды.

Зейнеткер бұл сапарын ел егемендігі мен Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына арнап отыр. Қарт спортшының Тәуелсіздікке тартуына қызу қолдау білдірген аралдықтар велошабандозды салтанатты түрде шығарып салды. Серік Сәдуақасұлы жолай аудан орталықтарына аялдап, 4-5 күнде Қызылорда қаласына жетуді жоспарлап отыр. Ардагер бес жыл бұрын 500 шақырымды бағындырғанын айта кетейік. 

Серік Өтебалиев, веложорықшы:

- Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Семей полигоны, ауған соғысы, Чернобыль апаты ардагерлеріне арналған ескерткішке мінажат етіп, құран бағыштаймын. Сол жердегі адамдарға тәуелсіздік жайлы, Семей сынақ полигонының жабылуы туралы өзімнің үгіт-насихат жұмыстарымды жүргіземін. Отансүйгіштікке, Отан қорғауға, Қазақстан Республикасының патриоты болуға үлкен үндеу жасаймын.