Бейжің Олимпидасына арналған спорт нысандарын тексеру басталды

Бейжің Олимпидасына арналған спорт нысандарын тексеру басталды

Бейжің Олимпиадасы қарсаңында олимпиадалық спорт нысандарын тексеру 5 қазан мен 31 желтоқсан аралығында өткізіледі. Бұл туралы ұйымдастыру комитеті хабарлады.

Алайда, бақылау кезеңіне спортшылар қатыстырылмайды. Мәселен, биатлоннан жарыс жолын бақылаудан өткізу тек қана техникалық мамандарға сеніп тапсырылған. 

«Ұйымдастыру комитеті ХОК және IBU-мен бірлесе отырые, биатлондағы жарыс жолын тексеруге төрт күн берді. Тексеруге ұлттық федерациялар мен ұлттық олимпиадалық комитеттердің мамандары кіреді», – делінген хабарламада. 

Демек, спорттық бақылау жарыстары Олимпиада қарсаңында ұйымдастырылмайды.