Хабиб Нурмагомедов пен Криштиану Роналду бетпе-бет жолықты

Хабиб Нурмагомедов пен Криштиану Роналду бетпе-бет жолықты

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду көз арбасты, деп хабарлайды Хабар 24 Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл спортшылар Англияда «Манчестер Юнайтед» пен «Эвертон» арасында өткен ойыннан кейін жолықты. 

Роналду мен Хабибтің бұрыннан дос екенін де айта кетейік.

«Тарихтағы ең үздік. Осылай жалғастыра бер, чемпион. Сен әлемдегі миллиондаған адамды жігерлендіресің», – деп жазған Хабиб Instagram парақшасында Роналдумен көз арбасып тұрған суретін салып.