Алматыда пенчак силаттан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Алматыда пенчак силаттан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Доданың салтанатты ашылу рәсіміне бұл спорт түрінің отаны саналатын Таиланд, Индонезиядан арнайы қонақтар шақырылды.

Айта кетейік, Пенчак силат - жекпе-жек түрі. Оның Қазақстанға жеткеніне небәрі 3 жылға жуықтады. Соған қарамастан республикалық жарысқа 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жеңімпаздар есімі 3 күннен соң анықталады. 

Гаджи Гаджиев, Қазақстандағы Пенчак Силат қауымдастығының президенті:

- Бұл Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде кеңінен таралған ұлттық спорт түрі саналады. Яғни Индонезия, Сингапур, Бруней және Малайзия елдері тұрғындарының 70 проценті осы спорт түрімен шұғылданады. Әзірге Олимпиададан басқа әлемдік байрақты бәсекелердің барлығының тізімінде бар.