476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанда алғаш рет асық спортынан халықаралық дәрежедегі атақ берілмек

  • 229
Қазақстанда алғаш рет асық спортынан халықаралық дәрежедегі атақ берілмек

Қазақстанда алғаш рет асық атудан спорт шебері атағы беріле бастады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Асық ату ойындары федерациясының президенті Ескендір Рахметов айтты, деп хабарлайды Хабар 24.

«Биылғы жылғы мамырдағы Мәдениет және спорт министрінің тиісті бұйрығына сәйкес елімізде алғаш рет асық ату ойындары бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері және Қазақстан Республикасының спорт шебері атақтары беріле бастады. Сонымен қатар түрлі деңгейдегі разряд атақтар берілетін болады. Бұл өз кезегінде ұлттық ойынымыз асықтың дамуына жаңа серпін берді деп айтуға болады. Себебі қазірдің өзінде оқушылар арасында ойынға қызығушылық артып, ұлттық ойынның танымалдығы өсуде», – деді Асық ату ойындары федерациясының президенті.

Бұл бұйрық шыққаннан кейін тек Нұр-Сұлтан қаласының 10 асықшысы Қазақстан Республикасының спорт шебері және 12 жас спортшы спорт шеберіне үміткер болған.

 

Хабар 24 телеарнасы