ATP рейтингі: қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте жоғарылады
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) әлемнің үздік ойыншыларының рейтингін жаңартты.
Бұл туралы еліміздің теннис федерациясы хабарлады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик екі саты жоғарылап, 35-сатыға жоғарылады. Ал Михаил Кукушкин 149-орыннан 147-орынға көтерілді. Дмитрий Попко қазір 163-болса, Денис Евсеев 36-сатыға көтеріліп, рейтингте 370-орынға жайғасты. Тимофей Скатов та рейтингтегі позициясын жақсартып, 269 -орынға көтерілді.
Жұптық санат бойынша Андрей Голубев – 36-шы, ал Александр Недовесов 77-орынға тұрақтады.