Надежда Морозова конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінде Қазақстан рекордын жаңартты

Надежда Морозова конькимен жүгіруден әлем кубогі кезеңінде Қазақстан рекордын жаңартты

Солт-Лейк-Ситиде конькимен жүгіруден әлем кубогы өтіп жатыр. Қазақстандық Надежда Морозова Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасында 3000 метр қашықтықты (А дивизионы) Морозова 3:59,647 уақытта бағындырды. Бұл нәтиже оған бұған дейін Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Людмила Прокашеваға (4: 05.01) тиесілі болған Қазақстан рекордын жаңартуға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде Морозова 12-ші орынға жайғасты.

500 метр қашықтықта В дивизионында өткен жарыста Қазақстан өкілі Екатерина Айдова сынға түсті. Қазақстандық атлет 38.078 нәтиже көрсетіп, бесінші орынды иеленді.

Ерлер арасында 500 метр қашықтықта В дивизионында қазақстандық спортшылар арасында Иван Аржаников үздік нәтиже көрсетті. Ол 16-шы орыннан көрінді. Қорытынды хаттамада Роман Креч 31-ші, Евгений Кошкин 34-ші қатармен жарысты аяқтады.