Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында топ жарды

Қазақстандық спортшылар Азия чемпионатында топ жарды

Ливан астанасы Бейрут қаласында жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл сында Нұр-Сұлтан олимпиадалық даярлау орталығының шәкірттері ел намысын қорғады. Жарыстың алғашқы күндері қоржынға 6 медаль түсті. Әсіресе жеңіл салақтағы  Талғат Орынбасар,  Айбек Иемберген және Аружан Ережеповалар қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды. Ал Сабина Юлдашбекова, Нурайлым Сәрсенбек және Санжар Әли финалда есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты. Бертін келе қоржынымыз тағы 3 күміспен толықты. Бұл жүлделерді орта және ауыр салмқатағы дзюдошылар әкелді. 73 келіде Әлікен Батыр, 90 келіде Байтас Бақжан және қыздар арасында тағы бір қазақстандық Динана Телбаева үздік үштікті түйіндеді.  Ал жастар арасындағы жарыста жерлестеріміз 3 алтын, 1 күміс және 5 қола жеңіп алды.

УЕФА ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ

«Милан» плей-оффқа шыға алмады. Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясындағы соңғы матчтар өтті. Италиялық клуб бұл жолы өз алаңында  «Ливерпульді» қабылдаған. Алаң иелері 29 минутта есеп ашты. Бірақ қонақтар сапындағы Мохамед Салах пен Дивок Ориги мергендігімен көзге түсіп, өз командасын алға шығарды. Осылайша Юрген Клопп баптайтын жігіттер өз тобында бірінші орынға жайғасып, плей-оффқа жолдама алды. Ал Милан 4 орында. Сәйкесінше, жарыс жолынан шығып қалды.

Бұл тартысты додада «Реал Мадрид» «Интерді» ұтты. «Сантьяго Бернабеу» стадионвнда өткен матчта Тони Кроос есеп ашты. Ал 79 минутта оның командаласы Марко Асенсио нәтижені еселеді. Қортынды есеп: 2:0. Осының арқасында «Реал» «Д» тобының бірінші сатысына жайғасып, плей-оффқа жолдама алды. Ал Интер екінші орында және ол да келесі кезеңде өнер көрсетеді.

Тағы бір тартысты мачтардың бірі Португалияда өтті. Жергілікті Порту өз алаңында «Атлетико» командасын қабылдады. Матч 3:1 есебімен аяқталды. Мадридттік клуб сапынан Антуан Гризманн, Анхель Корреа және Родриго Де Пауль мергендігімен көзге түсті.

Айта кету керек, мачта 3 бірдей қызыл қағаз көрсетілді. Кездесу нәтижесі бойынша «Атлетико» плей-офф кезеңіне өтті. Ал Порту жарысты аяқтады. Ол өз тобының 3 сатысында тұр.