Хоккей: Қазақстан жастары Венгрия құрамасынан басым түсті

Хоккей: Қазақстан жастары Венгрия құрамасынан басым түсті
Olympik.kz

Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының алғашқы ойынында Венгриядан басым түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық хоккейшілер сәтті ойын көрсетті. Нәтижесінде Абай Маңғысбаев бірінші минутта мергендік танытса, Всеволод Логвин 18-ші минутта есепті үстемелей түсті. Ал екінші кезеңнің 25 минутында Қазақстан құрамасы басымдығын арттыра түсті. Бұдан кейін венгриялық хоккейшілер бір шайбамен жауап қайырды. Осылайша Қазақстан жастары қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті. Енді еліміздің жастары 13 желтоқсанда Норвегиямен сынға түседі.

Еске салсақ, қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары – Дания, Норвегия, Венгрия, Латвия және Беларусь. Ойындар Данияның Херсхольм қаласында 12-19 желтоқсан аралығында өткізіледі.