Еліміздің «Үздік жаттықтырушысы» анықталды

Еліміздің «Үздік жаттықтырушысы» анықталды
Olympic.kz.

Ұлттық спорттық жүлде – 2021 жеңімпаздарын салтанатты түрле марапаттау рәсімі өтті. Кеш барысында жазғы және қысқы спорт түрлеріндегі үздік жаттықтырушылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

 «Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы» аталымында Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері әрі 2021 жылғы бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың жеке бапкері Мырзағали Айтжанов жеңіске жетті.

Ал «Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы» атағын шорт-тректен Қазақстан командасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков иеленді. 

Қарсыбеков жаттықтыратын спортшылар Азия чемпионаты мен Азия ойындары және әлем кубогі кезеңдерінде сан мәрте жүлдегер атанған. 

Айта кетейік, үздіктерді анықтау жылдағы дәстүр бойынша отандық жанкүйерлердің екі апта бойы awards.olympic.kz сайтында дауыс беруі арқылы өтті.