Коби Брайант пен оның қызына ескерткіш орнатылды

Коби Брайант пен оның қызына ескерткіш орнатылды
Gettyimages.ru

Ұлттық баскетбол қауымдастығының Даңқ залының мүшесі Коби Брайант пен оның қызы Джианна қайтыс болған жерде ескерткіш орнатылды.

Биыл танымал баскетболшының қайтыс болғанына екі жыл болды. Ескерткіште Брайант «Лейкерс» жидесінде қолына доп ұстап тұрған қызын құшақтап тұр.

Баскетболдан NBA-дің бес дүркін чемпионы Коби Брайант пен оның 13 жастағы қызы Джианна Мария Калифорнияда тікұшақ апатынан қаза болды. Тікұшақ құлаған бетте отқа оранған. Бір анығы, 41 жастағы Брайанттың баскетболдан өтетін жаттығуына өзінің жеке тікұшағымен кетіп бара жатқан. Баскетболшымен бірге тағы 7 адам көз жұмды. 

Сондай-ақ:

Жұлдыздар жылаған күн. Әлем жұртшылығы Коби Брайантпен қоштасты

Коби Брайант қаза тапқан тікұшақ апатының себебі анықталды

Коби Брайанттың есімі NBА даңқ залына енгізілді

Спортшылардың өмірін жалмаған әуе апаттары. Жаға ұстатарлық статистика