Коби Брайант қаза тапқан тікұшақ апатының себебі анықталды

АҚШ-тың көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңесі (NTSB) «Лос-Анджелес Лейкерстің» аңыз қорғаушысы Коби Брайант көз жұмған тікұшақ апатының себебін анықтады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 26 қаңтарында Коби Брайант мінген тікұшақ Калабасаста апатқа ұшырады. Бортта баскетболшының 13 жасар Джанна мен тағы жеті адам болған. Аман қалғандар жоқ.

Мамандардың мәліметінше, тікұшақ ұшқышы Ара Зобаян бұлттардың арасымен ұшқандықтан, бағыттан жаңалды. Ал бұл федералдық заңдарды бұзу болып табылады.

Билл Инглиш, АҚШ көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық басқармасының өкілі:

– Құрылғыларда көрсетілген метерологиялық жағдайда ереже бойынша ұшуға тыйым салынған. Бірақ ұшқыш осыған қарамастан бұлттар арасымен ұшқан. Бұл мүлдем рұқсат етілмеген іс-әрекет. Соңғы рет ол 2019 жылдың мамырында жаттығудан өткен екен. Яғни апатқа дейін ұзақ уақыт бұрын болған.

Бұған дейін NTSB тікұшақта механикалық ахаулардың болмағанын мәлімдеген. Сондықтан апат оқыс оқиға ретінде бағаланған.

Брайант «Лейкерс» сапында NBA-де бес дүркін чемпион атағын иеленді. 2008 жылы ол лиганың ең құнды ойыншысы атанған. Ал АҚШ құрамында Коби екі рет Олимпиада ойындарында жеңіске жетті (2008, 2012).

Осы тақырып бойынша өзге материалдар:

Жұлдыздар жылаған күн. Әлем жұртшылығы Коби Брайантпен қоштасты

Коби Брайанттың есімі НБА даңқ залына енгізілді

Коби Брайант қайтыс болғаннан кейін «Эмми» сыйлығымен марапатталды

XXI ғасырдың үздік 10 спортшысы кімдер

Спортшылардың өмірін жалмаған әуе апаттары. Жаға ұстатарлық статистика