Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық боксшымен жекпе-жек өткізуге келісті

Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық боксшымен жекпе-жек өткізуге келісті

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) бразилиялық Эскива Фалькаомен (11-0, 7 КО) жекпе-жек өткізуге келісті. Бірақ тек әлеуметтік желіде ғана, деп жазады Vesti.kz.

Кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татпаған бразилиялық WBO ұйымы чемпиондық жекпе-жекті Қазақстанда ұйымдастырса да, келуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл мәлімдемеге Әлімханұлы – «Бауырым, мен сені нокаутқа жіберетінімді білесің. Бұл саған не үшін керек?», - жауап берді. 

Бұдан кейін де Фалькао үнсіз қалмады. «Жекпе-жекті ұйымдастырайық. Мен сенімен кездескім келеді. Біз екеуміз бір промоутерлік компанияданбыз. Сенен мықты екенімді дәлелдеймін», – деген еді. 

«Мен дайынмын», – деп Жәнібек жауап берді. 

Еске салайық, орта салмақта WBO белбеуінің иегері америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) міндетті қарсылас қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен кездескісі келмейтінін айтты. Андреде сол үшін белбеуді босатып, екінші орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (57-1-2, 39 КО) кездесуге өткізуге ниетті.