Қазақстанның футзал құрамасы Украина командасына қарсы ойнайды

Қазақстанның футзал құрамасы Украина командасына қарсы ойнайды

Бүгін футзалдан ұлттық құрама Украина спортшыларына қарсы ойнайды. Еуропа чемпионатының ширек финалындағы алғашқы кездесу елорда уақытымен түнгі бірде басталады.

Кездесу Нидерланд астанасы Амстердамда өтеді. Италияға қарсы ойында екінші сары қағаз алғаны үшін біздің құрамдағы Тайнан мен Эдсон бұл жолы алаңға шықпайды.

Айта кетейік, іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы қарысластардың қақпасына 14 гол соқты. Соңғы ойынын итальяндарға қарсы өткізіп, 4:1 есебімен жеңді. Енді украиналықтардан айласын асырса, жартылай финалда Ресей мен Грузия жұбындағы жеңімпазбен кездеседі.