ХОК сессиясында Лос-Анджелес Олимпиадасының бағдарламасына енетін спорт түрлері талқыланды

Халықаралық олимпиадалық комитеті  2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына енуі мүмкін спорт түрлерін атады. Бұл шешім ХОК сессиясында айтылды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жазғы Олимпиада бағдарламасына енген 28 спорт түріне скейтбординг, серфинг, спорттық құзға өрмелеу бар. 

Бокс, ауыр атлетик және қазіргі бессайысқа байланысты нақты шешім қабылданған жоқ. Халықаралық федерациялар олимпиадалық бағдарламадағы орнын сақтап қалу үшін реформаларды аяқтау қажет. 

2023 жылы ұйымдастыру комитеті Лос-Анджелестегі Олимпиада бағдарламасына енетін қосымша спорт түрлерін ұсынуы мүмкін. Ойын бағдарламасына қатысты соңғы шешім 2024 жылдың желтоқсанында қабылданады.